Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында жариялаған бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамда «Эйр Астана» әуе тасымалдаушы және «ҚТЖ» ұлттық компанияларын ірі халықаралық оператор ретінде дамыту. «Эйр Астана» халықаралық бағыттарға ыңғайластырылады және әлемнің негізгі қаржы орталықтарына (Нью-Йорк, Токио, Сингапур) жаңа бағыттар ашады. «Эйр Астананың» дамуы «ҚТЖ»-ның баламалы маршруттарды дамыту жөніндегі жоспарымен үйлестіріледі, бұл жүктерді жеткізу құнын екі еседен астам төмендетуге мүмкіндік береді», деп атап көрсетілген.
Осыған орай, «Эйр Астана» әуе тасымалдаушысына аталған бағыттарға ұшу жағын ұйымдастыру, жаңа белестерді бағындыру межесі діттелсе, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына тиісті қаржы орталықтарына байланысты жоспарларын тиімді дәрежеде үйлестіріп, жүкті жеткізу құнын екі еседен астам бағаға төмендету міндеті жүктелді.
Еске сала кетсек, осы өзекті мәселе аясында, «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымындағы арнайы холдинг «Аіrport Management Group» ЖШС отандық бірқатар әуежайлар тізбегін дамытумен айналысуда. 2015-2019 жылдар аралығында Астана, Қызылорда, Петропавл және Қостанай әуежайлары аумағындағы ұшу-қону жолақтарын, жолаушылар терминалдары мен әуежайлық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ірі де тың жобалар жүзеге аспақ. Елорда және Қызылорда, Шымкент әуеге самғау нысандарында барлық халықаралық талаптарға толығымен жауап беретін жаңа жолаушылар терминалдары бой көтермек.
Сонымен бірге, Қазақстанды халықаралық көлік-коммуникация ағымына ықпалдастырып, «Еуразиялық трансқұрлықтық дәліз» мультимодальдық көпірін жасау мақсатында Азиядан Еуропаға жүкті транзиттеуді тездететін жоба іске асырылмақ. Мұнда бірінші тармақ Қазақстан мен Ресейді және әрі қарай Еуропаны қамтыса, екіншісінде Қазақстанның Қорғас кеден бекетінен Ақтау портына, содан кейін Каспий теңізінен Әзербайжанға, Грузияға өту көзделуде.
Міне, осы айтылғандарды іс жүзіне асыру мақсатында, жақында өткен VІІІ Астана экономикалық форумы аясында Астана халықаралық әуежайы мен Еуропа Қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) арасында «Астана қаласы әуежайының қону және ұшу алаңын жаңғырту» инвестициялық жобасын жүзеге асыруға 8,5 млрд. теңге көлеміндегі қаржыға несиелік келісімшарт жасалды. Маңызды құжатқа Еуропа Қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти, «Астана халықаралық әуежайы» ҰК» АҚ-тың вице-президенті Бауыржан Орынбасаров қол қойды.
Несиелік келісім 15 жылға, үш жылдық жеңілдікпен жасалды. Жоба «Нұрлы Жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылып отырған ұлттық маңызды жобалардың бірі болып табылады.
Суретте: Астана әуе қақпасының көрінісі.

Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40