Құтқарушы • 15 Қазан, 2024

Кинологтардың республикалық жиыны өтті

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында төтенше жағдайлар қызметіндегі кинологтардың республикалық жиыны өтіп, оған министрліктің 29 кинологиялық есеп тобы келді, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Кинологтардың республикалық жиыны өтті

Фото: Видеоскрин

Жедел құтқару жасағының мамандары арнайы сынақ тапсырып, қызметтік иттердің іс-әрекеттері пысықталды. Құтқару қызметіндегі иттердің тіл алуы, шапшаңдығы тексерілді. Сондай-ақ кинологтар табиғи ортада және қираған ғимараттарда іздестіру жұмыстарын жүргізуден сынақ тапсырды.

«Түркиядағы жер сілкінісі кезінде дәл осы Рига есімді итіммен құтқару жұмыстарына қатыстық. Газиантеп қаласында бұл ит апат кезінде үйінді астында тірі қалған үш адамды тауып, оларды аман-есен алып шықтық. Бір отбасының мүшелері екен. Жалпы техногендік апат аймақтарында кинолог-құтқарушылардың қызметі өте маңызды. Сондықтан иттердің іздеу қабілетін шыңдап, соған үйретеміз», дейді кинолог Дамир Гизатуллин. 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35