Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Асылбек Жээнбековпен кездесті, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев жүйелі түрде кездесіп отырады, екі ел үкіметтері мен парламенттері алдына бауырластық байланыстар мен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға арналған ауқымды межелер қойып келеді», – деді Қ.Тоқаев кездесу барысында. Сенат Төрағасы Қазақстан мен Қырғызстанның жоғары заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық кеңес туралы келісімнің жасалуын, сондай-ақ, ол Кеңестің алғашқы отырысының Астанада өткізілуін ықыласпен атап өтті.
Қ.Тоқаев Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі жөніндегі Хаттамаға қол қойылуымен және бұл құжаттың Қырғыз Парламентінде ратификациялануымен әріптесін құттықтады. Ол, сондай-ақ, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы, ТМД ПАА және ҰҚШҰ ПА аясында екі ел парламентшілерінің жемісті ынтымақтастығын жалғастыру жайында айтты.
«Қазақстанмен одақтастық және тату көршілестік қатынастарды дамыту Қырғыз Республикасы үшін даусыз басымдық болып табылады», деп атап өтті өз кезегінде А.Жээнбеков. Ол Қазақстанды Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталуымен, сондай-ақ, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін табысты өткізуімен құттықтады. Мейманның пікірінше, Президент Н.Назарбаевтың халықаралық бастамаларының арқасында Қазақстан елдің ішіндегі ғана емес, күллі әлемдегі тұрақтылыққа жәрдемдесіп келеді. Ол, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесі бүкіл аймақтың технологиялық дамуына күшті серпін беретініне сенім білдірді.
Сол күні Қ.Тоқаев Сингапурдың Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінің деканы, профессор Кишор Махбубанимен кездесті. Ли Куан Ю мектебі Назарбаев Университеттегі Жоғары мемлекеттік саясат мектебімен стратегиялық әріптес болып табылады. Назарбаев Университеттің түлектері биыл алғаш рет қанат қағып отыр.

Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03