Инфрақұрылым • 04 Қазан, 2024

«Инфрақұрылымдық даму және өнеркәсіп» тақырыбында арнайы сессия өтті

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәслихат депутаттарының форумы шеңберінде «Инфрақұрылымдық даму және өнеркәсіп» тақырыбында арнайы сессия өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Инфрақұрылымдық даму және өнеркәсіп» тақырыбында арнайы сессия өтті

Фото: «Amanat» партиясының баспасөз орталығы

Астанада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының форумы өтті. Форум аясында өткен панельдік сессиялардың бірі «Инфрақұрылымдық даму және өнеркәсіп» тақырыбына арналып, оған Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев пен Көлік министрі Марат Қарабаев қатысты.

Іс-шараның мақсаты – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, өнеркәсіп және көлік салаларын жақсартудың нақты жолдарын іздеу.

Панельдік сессияны ҚР Үкімет басшысының орынбасары Қ.Бозымбаев ашып, жиналғандардың алдында еліміздің өңірлерінде инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмыс жоспарымен таныстырды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген мәслихат депутаттары Үкімет өкілдеріне белсенді түрде халықты мазалап отырған сұрақтарын қойып, оларды шешу жолындағы өз ұсыныстарын білдірді.

Сұрақтардың бірі Жамбыл облысындағы қант зауытының жұмысын жалғастыруға қатысты болды. Бұған министр қазіргі кездегі басты міндет қант өңдеу зауытын жаңғырту деп жауап берді. Атап айтқанда, еліміздегі шикізаттың жеткілікті көлемін ескере отырып, жаңғыртуға инвестиция салуға мүмкіндік береді.

«Өз өндірісіміз бола тұра, осындай маңызды әлеуметтік өнім бойынша басқа елдерге тәуелді болу – мүлдем дұрыс емес», деді Қ.Шарлапаев.

Одан басқа мәслихат депутаттары құрылыс саласына, отандық тауарлар өндірушілерінің жауапкершілігі және басқа да бірқатар өтініштерін жеткізді. Барлық сұраққа егжей-тегжейлі жауап берілді.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15