Қоғам • 03 Қазан, 2024

Жол сапасын жақсарту бойынша зерттеу жұмыстары басталды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында топырақты талдау және жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың Бірыңғай базасына енгізілген тұрақтандырғыштарды сынау жұмыстары басталды. Тексеруден өтіп, «сары» және «жасыл» мәртебеге ие болған отандық әзірлемелерге ерекше назар аударылады, бұл олардың сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін растайды, деп хабарлайды Egemen.kz Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жол сапасын жақсарту бойынша зерттеу жұмыстары басталды

Фото: Көлік министрлігі

«Қазақстан сортаңдардан бастап құмдысаздақтарға дейін төрт топырақ географиялық аймаққа бөлінеді. Топырақтың барлық түрлерінде және әртүрлі климаттық жағдайларда бірдей тиімді жұмыс істейтін әмбебап өнім жоқ. Әр аймақ тұрақтандырғыштарды таңдауда әр түрлі тәсілді қажет етеді. Материалдарды іріктеудегі қателіктер жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін төмендетіп, жолдардың сапасын едәуір нашарлатуы мүмкін», деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ Жаңа технологиялар басқармасының жетекші инженері Әсемгүл Нығметова.

Зерттеулер Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында басталды, онда жергілікті атқарушы органдар автомобиль жолдарының сапасын жақсарту үшін ғылыми-техникалық сүйемелдеуге қызығушылық білдіріп, «ҚазжолҒЗИ» АҚ ғалымдарымен тиісті меморандумға қол қойды.

«ҚазжолҒЗИ» мамандары ең тиімді шешімдерді таңдау үшін әрбір климаттық аймақ үшін материалдарға егжей-тегжейлі тестілеу жүргізеді. Зерттеу нәтижелері бойынша мердігер ұйымдарға топырақ түріне және климаттық жағдайларға байланысты топырақ тұрақтандырғыштарын оңтайлы пайдалану бойынша ұсыныстар әзірленетін болады. Бұл бүкіл ел бойынша жол негіздерінің сапасын жақсартуға және жолдардың қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03