Мәдениет • 03 Қазан, 2024

Қазақконцертте «Біздің жәрмеңке» ұлттық өнер мерекесі өтті

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Біздің жәрмеңке» атты ұлттық өнер мерекесі өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақконцертте «Біздің жәрмеңке» ұлттық өнер мерекесі өтті

Фото: https://qazaqconcert.kz/ru/

Қазақконцерттің «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығы көрермен назарына Қоянды, Көкжар, Қараөткел сынды тағылымы мол тарихи жәрмеңкелерді жаңғыртқан, дәстүрлі өнердің барлық тұстарын қамтыған жаңа форматтағы думанды кешін ұсынды.

Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Құмарбек Қалқатай, Ардақ Балажанова, Елмұра Жаңаберген, Айгүл Елшібаева, Раушан Оразбаева, Айзат Қарабекова, Нұрболат Арзамасұлы, мәдениет қайраткерлері Толғанбай Сембаев, Ерболат Шалдыбеков, Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттары Асқар Мұқият, Күнсұлу Түрікпен, халықаралық байқаулардың лауреаттары Ақерке Тәжібаева, Дінисламбек Жайлаубай, Біржан Айтахметов, Алихан Дүйсенбай, Венера Табыс, Дария Бекпенбетова, Аяулым Қамажан өнер көрсетті.

Бұған қоса, «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблі мен «Бірлік» би ансамблі өнерлерін ортаға салды. Сахнаға бір мезетте шыққан барлық өнерпаздар нағыз өнер жәрмеңкесінің атмосферасын шебер жеткізе алды. Қазақконцерттің өнер майталмандары көрермен назарына ұлтымыздың әуелеген әсем әндерін, күмбірлеген күй мен жыр жауһарларын, төл өнеріміздің үздік үлгілерін паш етті.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03