ШЫМКЕНТ. 15 маусым. Кентауда көп қабатты үйлердің бірінде өрт шығып, салдарынан 21 адам зардап шекті. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабрлады.
Аталған департамент таратқан мәліметке сүйенсек, 13 маусымда сағат таңертеңгі 04:00-де көп қабатты үй отқа оранған. Тілсіз жау тек екі сағаттан кейін өшірілді. Өрт салдарынан 4 адам жансақтау бөліміне түсті және бір адам хирургиялық бөлімге жатқызылды. Сондай-ақ,16 адам медициналық көмекке жүгінген.
Зардап шеккендердің 12-сі бала. 5 және 3 жастағы екі бала аздаған күйіктермен ауруханада жатыр. Ал дәрігерлер бірнеше тәуліктен бері екі адамның өмірін ажалдан аман алып қалу үшін күресуде. «Жасы 67-дегі әйел мен оның 8 жастағы немересі күйік шалып қана қоймай, иіс тиген. Екеуі де ес-түссіз жатыр», – дейді Кентау қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері.
Өртті сөндіруге 41 құтқарушы, АІІД 100 қызметкері жұмылдырылды, 6 жедел жәрдем бригадасы әзір тұрды. Үш пәтер толығымен өртеніп кетті. Жалын 129 шаршы метрді қамтыды.
Кентау әкімдігі пәтерлерді жөндеуге көмек беріп, демеушілерді тартуға уәде берді. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде. Жалынның тұтану себептері анықталуда. Алдын ала деректер бойынша өрт 3 қабаттан шыққан.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40