ПЕТРОПАВЛ. 27 қаңтар. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап газбен зақымдау қаруларын сатып алу республикалық акциясы басталғалы Солтүстік Қазақстан облысында қаруды өз еріктерімен тапсырушылардың қатары өсіп келеді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінге дейін жеке тұлғалардан «ОСА», «Стражник», «Эгида» маркалы газбен зақымдайтын 92 тапанша пен 24 тегіс оқпанды және иір ойықты аңшы мылтығы алынған.
«Қарудың техникалық жағдайына сәйкес үш санат бойынша берілетін өтемақы оның құнының 50-90 пайызын құрайды. Мәселен, ұңғымасыз «ОСА» қаруы үшін 20-30 мың теңге төленеді. Акцияны жүзеге асыруға республикалық қазынадан 22 миллион теңге бөлінді», дейді лицензиялық рұқсат беру жүйесі бөлімінің жетекшісі Еркін Хамзин.
Үкімет қаулысына сәйкес газбен зақымдау қаруларын ерікті түрде тапсырудан бас тартқан азаматтар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: aikyn.kz.
• 27 Қаңтар, 2015
Солтүстік Қазақстанда 92 тапанша, 24 мылтық тәркіленді

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше