ПЕТРОПАВЛ. 27 қаңтар. Петропавлда адамдардың сеніміне кірмек болған алаяқтың қолға түсуіне банктердің шағымы негіз болды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Петропавлдық 28 жастағы тұрғын ғаламтор қызметін пайдаланушыларға қисапсыз хат жолдап, белгілі кестелерді толтыруын өтініп отырған. Осылайша, жеке адамдардың құпия кодтарын, парольдерін, несие карталарын біліп алған.
Банктердің дер кезінде дабыл қағуының арқасында криминалдық полиция қызметкерлері оның ізіне түсіп, қолға түсірді. Тергеу барысында ешқайда кетпеу жөнінде қолхат берген оның екі банктің атынан әрекет етіп, бөгде адамдардың несие карталарын пайдалану арқылы коммуналдық төлемдер мен телефон шығындарын өтеп алғаны анықталды.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: delta.ru.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше