Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2024

Шабындыққа шалғы түсті

49 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мал шаруашылығын күнкөріс көзіне айналдырған Аспантау аясының жұртшылығына қазір шөп шауып, астық ору науқанының қызып тұрған шағы. Биыл жауын-шашынның мол түсуінің арқасында шөп құнарлы шыққанын айтады шаруалар. Қыстың қамын жаз ойлауға кіріскен шаруалар да шалғы сырылын үдетіп, салған шөмелелері мен бауланған шөптері қаздай тізіліп жатыр. Соның бірі Тасашы ауылдық округіне қарасты Сарыкөл елді мекеніндегі «Нұрқанат» шаруа қожалығының да жұмысы қарқын алған.

Шабындыққа шалғы түсті

Мал басын көбейту арқылы отбасылық кәсіпті дөңгелетіп отырған қожалық басшысы Нұқанат Мамытақынов 2017 жылы «Нұрқанат» шаруа қожалығын құрған. Қарамағындағы мал басын көбейтіп, шаруашылығын ке­ңейтуді діттеген шаруа қыстың қамына кірісіп кеткен. Шапқан шөптерін жинап, қыстаққа тасып алу қамында жүрген отбасы­лық кәсіп иелерінің тынымсыз тірлігі сүйсінтеді. Ағалы-інілі екі азаматтың бірі таң бозынан тракторын «тізгіндеп» шөп шауып жүрсе, енді бірі шабылған шөпті баулауда бел жазбай жұмыс істейді. Шөбі шүйгін шабындық төсіндегі қожалық жетекшісі Нұрқанат пен інісі Нұрланның шауып, баулаған шөбі «ЮМЗ-6» техникасымен тасымалданады.

«Шілденің ортасынан ауа шабындыққа шалғы түсірдік. Былтыр осы 40 гектар шабын­дық жерден 85 дана бауланған шөп жиналған. Биыл бұйырса, мөлшермен 100 орамнан аса алуды жоспарлап отырмыз. Бір буыл­ған шөптің орташа салмағы шамамен 250-280 килодай болады. Қазір қожалыққа қарасты «Дардамты» жерін шауып жатырмыз. Шөптің түсімі былтырмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Биыл ылғал мол болып, шөп бітік шықты. Ауа райы ашық болса шабындық­ты бір апта аралығында аяқтап, «Темірлі сай» деп аталатын шабындыққа жылжимыз. Оның көлемі 80 гектар», дейді шаруа қожалық иесі.

 

Алматы облысы,

Кеген ауданы

Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 3 су арнасы жөндеуден өтеді

Аймақтар • 04 Қазан, 2024

Нарықта мұнай бағасы шарықтады

Экономика • 04 Қазан, 2024

Энергетикалық келешектің оңтайлы шешімі

Референдум 2024 • 04 Қазан, 2024

Терраса тақтасы

Ғылым • 04 Қазан, 2024