АСТАНА. 15 маусым. Оңтүстік Кореяда MERS вирусынан туған қауіп сейілмей тұр. Соңғы мәліметтерге қарағанда, бүгінге дейін аталған дерттен қаза тапқандардың саны 17-ге жеткен. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігі таратқан деректерге сүйенсек, қазіргі кезде қауіпті вирусты 150 адам жұқтырған. Тек соңғы тәуліктің өзінде 5 тұрғыннан індеттің белгілері анықталды. Төтенше жағдайға байланысты халыққа карантин режімін қатаң сақтау туралы ескертілді.
Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда коронавирус кеселіне шалдыққан алғашқы науқас 20 мамырда анықталды. Бүгінде бұл індеттен қауіптенген көрші Жапония алдын алу шараларын күшейтуде.
Айнұр Қоңқабаева.
Дерек: 24.kz.
Сурет: reuters.com.
• 15 Маусым, 2015
Оңтүстік Кореяда MERS вирусынан 17 адам қаза тапты

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше