Табиғат • 16 Қыркүйек, 2024

Сирек фото: Шағаладан сытылып кеткен бақа кадрға ілініп қалған

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бурабай» МҰТП зоологы Салтанат Балташева Қатаркөл орманшылығында ерекше фотокадр жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сирек фото: Шағаладан сытылып кеткен бақа кадрға ілініп қалған

Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

Салтанат Балташева бақаның көкте самғаған шағаланың аузынан сытылып шығып, төмен құлдилағанын түсіріп алған.

«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметінің мәліметінше фаунада құстың 220 түрі, оның ішінде Қызыл кітапқа енген 16 түрі бар. Сонымен қатар қосмекенділердің 2 түрі кездеседі: өткір жүзді бақа және шығыстың жасыл бақасы. Сондай-ақ бауырымен жорғалаушылардың 4 түрі бар. Ал аталған табиғи парктің су қоймаларында балықтардың 16 түрі, сүтқоректілердің 48 түрі, жәндіктердің 179 түрі мекендейді.

Соңғы жаңалықтар

Тазалық ізетпен тартымды

Қоғам • Бүгін, 08:05

«Ақылды» сырға

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Тұмау асқынып тұр

Қоғам • Бүгін, 07:53

Күн энергиясымен жүретін яхта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Шымкенттен – Стэнфордқа

Білім • Бүгін, 07:45