Айбын • 13 Қыркүйек, 2024

«Айбалта»: мақсат орындалды

56 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» оқу-жаттығу полигонында Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіповтің басшылығымен «Айбалта-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

«Айбалта»: мақсат орындалды

Бұл оқу-жаттығу алғаш рет ке­шен­ді сабақтармен бірге екіжақты фор­матта өткізілді. Іс-шаралар әс­кери басқару органдарының үй­ле­сім­ділігін жетілдіруге, әс­кер­лер­­дің далалық дағдыларын артты­ру­ға және штабтар мен коман­дир­­­лер­дің әскерді ұдайы басқару­дағы прак­тикалық дағдыларын да­мы­туға бағытталған. Оған «Шығыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбас­шы­лық­­тарының бөлімшелері және Қа­рулы күштер Құрлық әскерлеріне тікелей бағынатын әскери бөлімдер тартылды.

– Ахуалдың құбылмалы жағ­дайында артиллерия, авиация, ӘШҚҚ және радиоэлектрондық күрес құралдарының көмегімен түрлі әскер тегі мен әскерлердің өзара іс-қимыл мәселелері сапалы пысықталды. Атысты реттеу, жер­гілікті маневрлер және позиция­лар­ды жылдам өзгерту жоғары дең­гейде орындалды. Әрбір әске­ри қызметші барынша әскери тәртіп­ке сай, жедел және қиын жағдай­да міндеттерді орындауға дайын екенін көрсетті, – деді Бас штаб бастығы – Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор Мереке Көшекбаев.

Оқу-жаттығуға барлығы 3 мың­­нан аса әскери қызметші және 800-ден аса қару-жарақ пен әс­ке­ри техника жұмылдырылды. Оқу-жаттығудың діттеген мақсат­тарына қол жеткізілді. Жеке құрам дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше