Оқиға • 13 Қыркүйек, 2024

Ақтауда прокуратура актісін уақтылы қарамаған шенеунік айыппұл арқалады

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Әділет департаментінің орынбасары қадағалау органының актісін уақтылы қарамағаны үшін сот қаулысымен 8 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда прокуратура актісін уақтылы қарамаған шенеунік айыппұл арқалады

Фото: Ашық дереккөз

Бас прокуратураның хабарлауынша, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс прокурордың ұсынуымен қарау мерзімін реттейтін «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының талаптарын өрескел бұзғаны үшін қозғалған.

Атап айтқанда, лауазымды тұлға заңда белгіленген мерзімге қарамастан, қалалық прокуратураның ұсынуын бір айдан астам уақыт бойы тиісінше қарау жөнінде шараларын қабылдамаған.    

«Прокуратураның талабынан кейін ұсынудың қарау қорытындысымен 8 жеке сот орындаушы тәртіптік жауаптылыққа тартылды, мемлекет кірісіне 11 млн теңгеден астам қаржы өндірілді. Мемлекеттік қызметкер өз кінәсін толық мойындап, салынған айыппұлды төледі», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, прокуратура актілерін қарамау, сол сияқты тиісінше орындамау не прокурордың заңды талаптарын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келетіндігі ескертіледі.

Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 3 су арнасы жөндеуден өтеді

Аймақтар • 04 Қазан, 2024

Нарықта мұнай бағасы шарықтады

Экономика • 04 Қазан, 2024

Энергетикалық келешектің оңтайлы шешімі

Референдум 2024 • 04 Қазан, 2024

Терраса тақтасы

Ғылым • 04 Қазан, 2024