Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2024

Құны 500 млн теңгеге жуық жер телімдері мемлекетке қайтарылды

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері СҚО прокуратурасы мемлекетке 497 млн теңгеден астам сомаға жер учаскелерін қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құны 500 млн теңгеге жуық жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Фото: СҚО прокуратурасы

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы ҚР Бас Прокурорының тапсырмасын орындау үшін пайдаланылмаған жерді анықтау және қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Мысалы, Тайынша және Уәлиханов аудандарында Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы меншік иелері жалпы ауданы 25,1 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.

«Сот тәртібімен жер мемлекетке қайтарылды және бүгінде заңды экономикалық айналымға тартылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады», делінген прокуратура хабарламасында.