Жемқорлық • 10 Қыркүйек, 2024

Мектеп гимназияның есепшотынан қомақты қаржы жымқырған бас есепші сотталды

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы  мектеп гимназияның бірінің бас есепшісі 23 миллион теңгені жымқырғаны үшін сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектеп гимназияның есепшотынан қомақты қаржы жымқырған бас есепші сотталды

Фото: Хабар24

Іс Медеу ауданының №2 аудандық сотында қаралды.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2019-2023 жылдар аралығында гимназиялардың бірінің бас бухгалтері оқу орнының банктік шоттарына қол жеткізе отырып, Интернет-банкинг арқылы өзінің жеке шотына және тағы басқа адамның шотына ақша аударған.

Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы шамамен 23 миллион теңгені құрады.

Сотталушы сотта өз кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындауды сұрады.

«Сот сотталушының кінәсін мойындағаны, куәлардың айғақтары, сарапшылардың қорытындылары негізінде кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды», делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55