Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2024

Алматы облысында екі ауылдың атауы өзгерді

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында Казцик және Комсомол ауылдарына жаңа атаулар берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы облысында екі ауылдың атауы өзгерді

фото: vestisemey.kz

Казцик ауылына қазақ театр педагогикасының негізін салушы Асқар Тоқпановтың есімі берілді.

Осының құрметіне елді мекенде салтанатты іс-шара өтті. Жиынға қатысқан тұрғындар бұл шешімді бірауыздан қолдады. 

Ал Комсомол ауылы енді Жайнақ деп аталады.

Бұған дейін Алматы облысындағы ауылдық округтер мен ауылдардың атауы өзгертілген еді:

  • Энергетикалық ауылдық округі - Өтеген батыр ауылдық округіне;
  • Энергетикалық ауылдық округінің Покровка ауылы - Кенен Әзірбаев ауылына;
  • Чапаев ауылдық округі мен Чапаево ауылы - Байкент ауылдық округіне және Байкент ауылына;
  • Междуреченск ауылдық округі және Междуреченск ауылы – Ақсай ауылдық округіне және Ақсай ауылына өзгертілді.
Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55