АТЫРАУ. 26 қаңтар. Атырауда ішкі істер органдарынан тіркеуден өтпей, жасырынып жүрген Қытай азаматтары ұсталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Атырау қалалық ішкі істер басқармасының учаскелік полиция инспекторлары прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген шара барысында Қытай Халық Республикасының 38 азаматының жатақханалардың бірінде жасырынып жүргенін анықтады. Олар еліміздің аумағына енген соң ішкі істер органдарында тіркелуден өтуі тиіс еді. Алайда, Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарованың хабарлағанындай, Қытай азаматтары тиісті заңдылықтың бұл талабын бұзған. Сол себептен, 38 қытайлыққа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Қазіргі уақытта шетелдіктерге толтырылған әкімшілік хаттама әкімшілік сотқа жолданды.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық ішкі істер департаменті.
Сурет: bnews.kz.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше