АСТАНА. 26 қаңтар. Президент әкімшілігінің келісімімен және Алматы өңірінің басшысы Амандық Баталовтың өкімімен облыс әкімінің орынбасары қызметіне Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы тағайындалды. Бұл туралы zhetysu-gov.kz хабарлады.
Ғ.Әбдірайымов 1965 жылы туған. Білімі жоғары. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын және «Тұран» университетін бітірген. Мамандығы – құрылыс инженері және заңгер.
Еңбек жолын Жамбыл облысында «Шығыс» колхозында құрылыс учаскесінің мастері болып бастады. Әр жылдары шаруа қожалығының төрағасы, сәулет-құрылыс фирмасының атқарушы директоры, Алматы қалалық орталығы лицензиялау, сәулет-қала құрылысы қызметінің сарапшысы, бас маманы, бөлім бастығы, директоры, Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының бастығы, Астана қаласы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорының орынбасары, Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаментінің директоры – Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылыс инспекторы, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
2014 жылғы қыркүйектен Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет етіп келді.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: zhetysu-gov.kz.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше