АСТАНА. 26 қаңтар. Алматы өңірінің басшысы Амандық Баталовтың өкімімен Дүйсембінов Сұлтан Мырзабекұлы облыс әкімдігі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы zhetysu-gov.kz хабарлады.
С.Дүйсембінов 1959 жылы туған. Алматы сәулет-құрылыс институтын және Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін бітірген. Мамандығы – инженер құрылысшы, экономист.
Еңбек жолын «Казколхозспецстрой» тресі №2 жылжымалы механикаландырылған колоннасының шебері болып бастады. Әр жылдары ауданаралық сауда базасының прорабы және директордың орынбасары, сауда-құрылыс кәсіпорнының директоры, облыстық экономикалық келісімді реттеу қоры директорының орынбасары, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, әкімі қызметтерін атқарған.
2011 жылдан осы тағайындауға дейін Қаратал ауданын басқарып келді.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: zhetysu-gov.kz.
• 26 Қаңтар, 2015
Алматы облыстық әкімдігінің аппарат басшысы тағайындалды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше