ПАВЛОДАР. 24 қаңтар. Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев қатты аязға байланысты аудан әкімдері және барлық басқарма басшыларымен шұғыл жиын өткізді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Ауа райын бақылаушылардың мәліметтерінше, 24-27 қаңтар аралығында облыста ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендейді, кейбір жерлерде 38 градус аяз болады.
Облыста төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында жедел штаб құрылды. Энергетика, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Ж.Тұяқовтың айтуынша, барлық аудандар мен қалалардағы жылу беру көздері тұрақты жұмыс жасауда. Отын жеткілікті, тұрғын үйлерде жылу бар. Барлық қалалар мен аудандардың тұрғын үй коммуналдық бөлімдері тәулік бойы кезекшілік атқаруда.
Облыс аумағындағы автомобиль жолдары бақылауда. Білім беру басқармасы аудан және қала әкімдерімен бірлесе отырып, мектептерде сабақтардың болмауы туралы ата-аналарды уақытында телеарналар мен радио арқылы хабарлауда. Құтқару қызметтері арнайы техникаларды әзірлеп, жолдарды тазалап, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар бойында қажет болған жағдайда жылы орындар жұмысын ұйымдастырады.
Фарида Бықай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: time.kz.
• 24 Қаңтар, 2015
Павлодар басшылығы күннің суытуына байланысты жиын өткізді

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше