Астрахань – Ресейдегі қазақ ең көп қоныстанған өңір. Ұзақ жыл банк саласында, сонымен бірге, астраханьдық қазақтардың ұлттық салт-дәстүрі, ана тілі секілді ұлттық құндылықтарынан ажырамауына бар жан-тәнімен қызмет етіп жүрген ұлтжанды азамат, «Жолдастық» қазақ тілі мен мәдениеті қоғамының құрметті төрағасы болған Никита Ысқақовтың пікірінше, мұнда 160 мыңға жуық қандасымыз мекендейді. «Біз өз атамекенімізде тұрып жатырмыз», дейтін қандастарымыз әсіресе, Красный яр, Володар, Қарабайлы аудандарында көп қоныстанған. Аға буын өкілдері қазақ тілінде еркін сөйлейді. Ал жастар жағы шорқақтау. Дегенмен, жас буынның арасында ұлттық құндылықтарды санаға тоқуға ұмтылыс байқалады.
Мұндағы қазақ жастарының көбі Астраханьдағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарында білім алып жүр. Сондай жастардың бір тобы, мәселен, Аслан Өтеғалиев пен Мадиат Құспанов Астраханьдағы музыка училищесінде білім алып жүрген болашақ музыканттар. Екеуі де Астраханьға ауданнан келіпті. Ал Аделина Айсанғалиеваның ата-анасы Астрахань қаласының байырғы тұрғындары саналады. Қазір қарындасымыз Астрахань мемлекеттік университетінің 3-курсында оқиды. «Болашақ мамандығым – психолог-әлеуметтік педагог», деген Аделина қазақ тілін жетік білмейтінін жасырмады. Өйткені, ол орыс мектебінде орта білім алыпты.
– Қазақ халқының бір перзенті болғандықтан, ана тілімді үйренгім келеді. Қазақстанда тұратын замандас-құрбыларыммен әлеуметтік желілерде жиі байланысып тұрамын. Интернетте қазақстандық достарым көп. Олар маған қазақша үйрету үшін әлеуметтік желілер арқылы ана тілімде хабарлама жолдайды. Мен, әрине, қазақша түсінемін, оқи аламын. Бірақ әзірге жаза алмаймын. Сол себептен, қазақстандық достарымның әлеуметтік желілер арқылы жолдаған хабарламаларына орысша жауап қайтарып жүрмін, – дейді қарындасымыз Аделина Айсанғалиева.
Астрахань қазақтары Қазақстаннан қандастары келсе, балаша қуанады. Қазақстаннан келген қонақтардың жанынан қалмайды. Сөйлесуге, республика экономикасы, дамуы, Астананың өркендеуі туралы білгісі келіп тұрады. Астраханьдағы қазақ студенттері Аделина, Аслан мен Мадиат та – солардың қатарында Қазақстанға ерекше қызығушылық танытатынын байқадық. Әсіресе, Аделина Батыс Қазақстан облысындағы «Ақжайық» би ансамблінің биші қыздарымен жақын танысып, достасқанына куә болдық.
– Болашақта Қазақстанның барлық қаласын аралағым келеді. Әсіресе, Астана мен Алматы ерекше қызықтырады, – дейді Аделина бізбен әңгімелескен сәтінде. – Атажұрттың көрікті жерлерінде болсам деймін. Әзірге Қазақстан жайлы деректерді интернет ресурстарынан біліп отырамыз. Теледидардан ел жетістіктері жайлы деректі, ақпараттық хабарлар берілсе, үзбей көруге тырысамын. Әлем елдері Қазақстанның келешегіне қызығушылық танытып отырғанда, біз неге қызықпауымыз керек? Әзірге студентпін ғой. Жоғары оқу орнын бітіргесін Қазақстанға барғым келеді. Сол елдің экономикасын өркендетуге үлесімді қосуды армандап жүрмін. Бәлкім, Астанада, не Алматыда бола ма, әлде Атырау мен Ақтау қаласының бірінде жұмыс жасауды мақсат етіп отырмын.
Иә, Ресейдің Астрахань өңірінде жүрегі Қазақ елі деп соққан осындай інілеріміз-қарындастарымыз бар. Олардың ел мен жерге деген сағынышы, арман-мақсаты көз жанарынан байқалып тұрады. Әсіресе, Аделина Айсанғалиеваның ана тілін меңгерсем, Қазақ елінің өркендеуіне үлесімді қоссам дегені құр арман емес екеніне риясыз сендім. Өйткені, батыл да алғыр қарындасымыз «Ең басты арманым – Қазақстан экономикасын өркендетуге үлес қосу. Көздеген мақсатыма міндетті түрде қол жеткіземін», дегенді сенімді айтты.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
АТЫРАУ–АСТРАХАНЬ–АТЫРАУ.
Суретте: Астраханьдағы қазақ студенттері – Мадиат Құспанов, Аделина Айсанғалиева және Аслан Өтеғалиев.

Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03