WEB-баспагер Жәнібек СҮЛЕЕВПЕН шағын әңгіме
– Қазақстан Президентін таңдап дауыс берудің өту барысы жайынан хабардар болып отырған шығарсыз?
– Әрине. Көңіл аударатын бір жайт, сайлауға дайындық қандай екпінмен жүрсе, дауыс беру де сондай деңгейде өтті. Дайындық барысында ешқандай да «қара PR»-ға жол берілмеді. Мұның өзі, ең біріншіден, электорат мәдениетінің бұрынғы кезеңмен салыстырғанда, едәуір өскенін байқатады. Бірқатар басылымдарда айттым да.
– Байқаушылар белсенділігі қандай болды?
– Таңертеңнен бері Алмалы мен Бостандық аудандарындағы бірнеше сайлау учаскесіне өзім үшін бас сұқтым, байқағаным, бәрі де ойлағандай, дауыс беру мен күткендей дәрежеде өтіп жатты. Келушілер саны тұрақты. Үзіліс жоқ. Байқағаным, байқаушылар тарапынан да әлдеқандай ескертулер айтылмады. Меніңше байқаушылардың Қазақстандағы мұндай қалыпты дауыс беру тәжірибесінен болашақта үйренері көп болатыны даусыз.
– Бұл сайлаудың елімізде өткен бұған дейінгі сайлаулардан басты айырмашылығы неде деп ойлайсыз?
– Өте жақсы сауал... Бұл сайлаудың ең басты ерекшелігі, тіпті, артықшылығы – мұнда осы заманғы технологиялар молынан пайдаланылды. Мен мұны бөле-жара айтар едім. Кәдеге асқан интернет қуатында шек болмады.
Әңгімелескен
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
• 27 Сәуір, 2015
Бұл электораттық науқанға «5» деген баға беруге болады

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше