Ғылым • 28 Тамыз, 2024

Суайдындарының түбін зерттеді

85 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл жаз бойы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетіндегі «LabNetWork» зертхана кешенінің қызметкерлері «Apache 3» атты гидрографиялық дронды белсенді пайдаланды. Бұл аппарат Ғылым және жоғары білім министрлігі­нің «Солтүстік Қазақстанның су ресурстарына жедел мониторинг жүргізу және гидротехникалық инженерлік құрылымдардың экологиялық бақылауы жүйесін құру» жобасы аясында алынған.

Суайдындарының түбін зерттеді

«Apache 3» гидрография­лық бейұшағы – жерүсті бас­қару стансасымен және кемемен жабдықталған шағын автоматты кешен. Құрылғы суайдындарының тереңдігін зерттеу үшін бір жиілікті эхолот және су параметрлері­­­­нің датчиктерімен жабдықтал­­­­ған. Басқару стансасы құрылғы мен радиоканал немесе ұялы байланыс арқылы байла­­ны­сып, гидрографиялық түсі­рі­лімді кез келген қашық­тық­та жүр­гізуге мүмкіндік
береді.

Гидрографиялық бей­ұшақ Қостанай облысының суқой­малары түбінің ре­льефін және су көлемін ба­ғалау үшін бұ­ған дейінгі экс­­педицияда қол­да­ныл­ды. Барлық жұмыс рес­пуб­ли­калық жоба аясында жүр­гізіліп отыр. Қазіргі таң­да университет ғалымдары жо­ғары Тобыл және Кара­томар суқоймаларының түбі­не батиметриялық зерттеу жүр­гізіп, одан су, топырақ және өсімдік материалдарын жинап, зертханаға тапсыр­ды. Оны аталған оқу орны­ның қызметкерлері – Алмабек Нұғ­манов, Вадим Чашков, Әділ Нұрпейісов, Темірлан Мұқанов және университет магистранты Артём Башев атқарды. Айта кетейік, биыл көктемдегі тасқыннан ке­йін суайдындарының түбі едәуір өзгерген, сондықтан су дро­нының оны зерттеудегі пай­дасы мол. Аппарат суасты мен үстін­дегі кеңістіктің автоматты үш­өл­шемді түсірілімін жүр­гізуге, сондай-ақ инже­нер­лік-геодезиялық, инже­нерлік-гидрографиялық жә­не инженерлік-гидромете­оро­ло­­­гиялық зерттеулер жүргізуге өте тиімді. Оны су түбінің рельефін зерттеп, құбыр өткел­дерін тексеріп, көпірлер мен дамбалардың тіреуіш құрылымының жағдайын баға­лауда қолданады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35