Қоғам • 26 Тамыз, 2024

Еліміздің кей аудандарында шектеу шаралары енгізілуі мүмкін

3049 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2-13 қыркүйек аралығында Жамбыл облысының «Мәтібұлақ» оқу полигоны базасында «Айбалта-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің кей аудандарында шектеу шаралары енгізілуі мүмкін

Фото: Қорғаныс министрлігі

Жауынгерлік дайындық Абай, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарының аумағы бойынша күштер мен әскери техникалық құралдарының қозғалысымен жалғасады. Яғни, күштер мен техника оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында биылғы жылдың 26 тамызынан бастап бөлімшелер теміржол және автокөлік жолымен марш жасайды. Содан кейін тұрақты орналасу пункттеріне кері оралады. 

«Көрсетілген уақыт кезеңінде еліміздің жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілуі мүмкін. Осыған байланысты ел тұрғындарынан қауесетке көңіл аудармай, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.