Оқиға • 26 Тамыз, 2024

Елордада қоғамдық көліктерге виртуалды тарифтер енгізіледі

171 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада қоғамдық көлікте мектеп оқушылары мен жеңілдігі бар азаматтарға арналған виртуалды тарифтер енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Елордада қоғамдық көліктерге виртуалды тарифтер енгізіледі

Фото: akimat__astana

2024 жылдың 26 тамызынан бастап оқушылар мен жеңілдігі бар азаматтар виртуалды тарифтерді үйден шықпай өз смартфондарынан рәсімдеп, пайдалана алады. Оны рәсімдеу онлайн жүзеге асырылады.

«Виртуалды тарифтерді енгізу жолаушылардың қоғамдық көлікті пайдалану ыңғайлылығын арттыруға бағытталған, сапарлар тарихын тікелей «Avtobys» қолданбасында бақылау мүмкіндігі бар. Енді смартфонды пайдаланудың арқасында көлікте валидация жасау оңай болады. Валидация «Avtobys» мобильді қосымшасымен QR-кодты сканерлеу, Bluetooth немесе көлік құралының нөмірін енгізу арқылы жүзеге асырылады, бұл ретте интернет байланысы қажет, бірақ теңгерімнің болуы қажет емес», делінген хабарламада.

Виртуалды тарифті рәсімдеуге өтінім беру үшін:

  • «Avtobys» қосымшасын App Store немесе Google Play дүкенінен смартфонға жүктеу;
  • Жеңілдік алушының телефон нөмірін пайдаланып, қосымшаға тіркелу;
  • Тranscard.kz сайтында «Виртуалды тариф» бөлімінде өтініш беріп, барлық ақпаратты толтырып, құжаттарды тіркеу қажет: 3х4 – түрлі-түсті фото, туу туралы куәлік және оқу орнынан анықтама немесе білім туралы мәліметтер, жеңілдікті растайтын құжат.

Өтініш мақұлданғаннан кейін виртуалды тариф «Avtobys» қосымшаңызда пайда болады және қолдануға дайындығын білдіреді. Айта кетейік, виртуалды тариф 1-3 жұмыс күні ішінде іске қосылады (поштаға хабарландыру келеді).

Бұл ретте мынаны білу қажет:

1. Алдымен Avtobys қосымшасында тіркелу қажет;

2. Қауіпсіздік мақсатында виртуалды тариф пайдаланушының құрылғысына байланысты болады. Құрылғы немесе телефон нөмірі өзгерген жағдайда Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайы бойынша CTS мамандандырылған кассасына хабарласу қажет;

3. Көліктік карта виртуалды картамен қатар жүреді. Пайдаланушы өз таңдауы бойынша виртуалды картаны немесе жеңілдігі бар картасын пайдалана алады.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25