Спортпен айналысқан жанға, оның берер пайдасы мен жемісі болары анық. Осы орайда мен бұл сөзімнің шындыққа жақын екенін спорттың түрлі саласында өзін сынап, әлемдік деңгейде есімін таныта білген жан туралы айта отырып дәлелдемекпін.
Солтүстік Қазақстан облысында 1958 жылы туған Нұралы Құлышев өмір есігін коксартроз деген аурумен ашты. Бұл дерт жамбас сүйегінің зақымдануы себебінен болғандықтан, ол балалық шағында екі жыл ауруханада емделіп, ота жасатқан. Алайда, ол ІІ топтағы мүгедек болып қалады. Содан кейін, 1991 жылы Мәскеу шаһарында кейіпкеріміздің сол аяғына ота жасап, «Сивашова» аппаратын салдыртады. Ал арада 21 жыл өткен соң Нұралы аға Ресейдің Қорған қаласына барып, жамбас жілігіне Американдық эндо протез салдырады. Ол 1980-1991 жылдар аралығында Ақтау қаласындағы атом-электр стансасында жұмыс істеді, кейіннен денсаулығына байланысты зейнеткерлікке шықты.
Енді кейіпкеріміздің жеткен жетістіктеріне тоқталайық.
Нұралы Құлышев 1992 жылы «Мүгедектердің дене шынықтыру және спорт» федерациясын ашты. 2005 жылдан бері «Мүгедектік спорт клубының» директоры қызметін атқарып келеді. Қазақстан Республикасы ұлттық паралимпиялық комитеті президентінің орынбасары ( 2003-2013 ж). Сондай-ақ, ол волейбол мен жағажай волейболынан Қазақстан құрама командасының аға аға жаттықтырушысы болды. Отырып ойнайтын волейболдан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, суға жүзуден және жеңіл атлетикадан спорт шебері атағын иеленген.
2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарындағы «Алау эстафетасына» қатысқан Нұралы Құлышевтың жңіп алған жүлделері де аз емес. Мәселен, ол Азия ойындарының екі дүркін чемпионы және күміс жүлдегері (Қытай-1994ж., Таиланд-1999ж., Оңтүстік Корея-2002ж.). Бұдан бөлек, Қазақстан чемпионатының отырып ойнайтын волейболдан 11 дүркін чемпионы және екі дүркін Қазақстан Кубогының иегері. Сондай-ақ, жеңіл атлетикадан еліміздің бірнеше және ТМД елдері бойынша екі дүркін жеңімпазы.
Паралимпиялық ойындарға екі рет қатысқан (Атланта /АҚШ/-1996ж., Сидней /Австралия/-2000ж.) Н.Құлышев 2001 жылы Астана қаласында өткен І паралимпиялық ойындардың ашылу салтанатында ту көтеру сеніміне ие болды.
Көптеген халықаралық турнирлердің (Польша, Ұлыбритания, Дания. Финляндия, Түркия, Ресей, Латвия, Түрікменстан) жеңімпазы және жүлдегері атанған біздің кейіпкеріміз өз ісіне лайықты құрметтеліп жүргенін де айта кетейік.
Ол мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамытудағы еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Маңғыстау облысына 35 және 40 жыл» мерейтой медальдарымен марапатталды. Жоғары спорттық көрсеткіштері үшін бірнеше рет «Жыл спортшысы», «Жыл жаттықтырушысы» номинациясының иегері болды. Бұған қоса, «Қазақстан Республикасы дене шынықтыру және спорт құрметті қызметкері» белгісінің иегері.
Н.Құлышев бірнеше рет Ұлттық паралимпиялық комитеттің, қала және облыс әкімдерінің тарапынан марапатталды. Айта кетейік, өткен жылы Елбасымыздың қолдауымен тұңғыш рет өткізілген «Мерейлі отбасы» республикалық ұлттық байқауына Нұралы Құлышевтің отбасы қатысып, Маңғыстау облысы бойынша бірінші орын алды. Ол сол жолы Президенттің қолынан «Нива» теміртұлпарының кілтін алып, мерейі бір шарықтап қалған.
Кейіпкеріміздің болашақтағы басты қалауы – өзі тұрып жатқан облысы бойынша арнайы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт ғимаратын тұрғызу және өзі жаттықтырып жүрген шәкірттерінің паралимпиадалық жарыстарда табысты өнер көрсетуіне жағдай жасау.
Нұркен Бектасов.
Шәкәрім атындағы СМУ-дің студенті.
Семей қ.

Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53