АТЫРАУ. 23 қаңтар. Атырау қаласына таяу орналасқан «Жұмыскер» елді мекеніндегі И.Тайманов атындағы мектеп оқушыларының неден уланғаны белгілі болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кеше, яғни, 22 қаңтарда Атырау қаласына қарасты «Жұмыскер» кентіндегі И.Тайманов атындағы мектептің 21 оқушысы мен бір қызметкері улану диагнозымен ауруханаға жатқызылған болатын. Осыған орай «Оқушылардың бірі бірінші қабаттағы киім ілетін бөлмеге газ баллонынан бүркіген. Соның салдарынан жоғары сыныптардың 21оқушысы мен бір қызметкері аэрозольдық газға улану белгісімен ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетілді. Жансақтау бөліміне бір де бір оқушы, бір де бір қызметкер түскен жоқ. 22 қаңтар күні 18:00 сағата 18 оқушы ауруханадан шығарылды. Үш оқушы әртүрлі шағыммен дәрігерлердің қарауында қалдырылды», деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, оқушылардың бірі әуестікпен газ баллонын бүріккенін мойнына алды», деді Атырау қаласы білім бөлімінің жетекшісі Нұрсәуле Сайлауова.
Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов оқиға орнына, сонымен бірге ауруханаға барып, зардап шегушілердің жағдайымен танысты. Жауапты органдарға өңір оқушыларының арасында осындай өрескел оқиғаға жол бермеудің алдын алуды тапсырды.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: i-news.kz.

Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53