ПЕТРОПАВЛ. 22 қаңтар. Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департаменттің басшылығы «Петропавл жылу желілері» ЖШС-нің жылудың бағасын өсіру іс-әрекетінің заңсыздығы жайлы мәлімдеме таратты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталмыш мекеме жылу қуатын беру және таратудың реттелетін қызмет түрі бойынша табиғи монополиялардың субъектісі ретінде 2014 жылы 1 сәуірде департаментке 2 жылдық тариф сметасын бекіту туралы өтінім түсірген. Алайда, осы жылы 12 маусымда қабылданған «Табиғи монополиялар және реттелетін рыноктар туралы» Заңға сәйкес, табиғи монополия субъектісінің міндеттері өзгертіліп, «Табиғи монополиялар субъектісі 5 және одан да көп жылға дейінгі арақашықтықпен ұзақмерзімді кезеңге өкілетті орган бекіткен ақырғы тарифтер (алымдар бағасы, ставкалары) деңгейі бойынша реттелетін қызмет көрсетуге міндетті» деген жаңа бап енгізілген. Заңнама талаптарын басшылыққа алған департамент 2014 жылғы 16 шілдеде «Петропавл жылу желілері» ЖШС-нің екіжылдық мерзімге жылу қуатын беру және таратуға арналған қызмет тарифін және тариф сметасын бекітуден бас тартқан. Бұл шешіммен келіспеген «Петропавл жылу желілері» ЖШС облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа шағым түсірген. Алайда, мекеменің арызы қанағаттандырылмаған. Бұдан кейін серіктестік биыл қаңтарда азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына жүгінгенімен, бұрынғы шешім өзгеріссіз қалдырылды.
Өмір Есқали.
Дерек: egemen.kz.
• 23 Қаңтар, 2015
Солтүстік Қазақстанда жылу қуатының бағасы өзгермейтін болды

Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53