Салтанатты ашылу рәсімінде Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев ғалымның елордадағы ең үлкен кітапханаға кітаптарын өткізуін өзгелерге өнеге болар үлкен оқиға ретінде бағалады. «Кітап – білім, мәдениет, болашақ. Сондықтан оның қадірін білуіміз керек. Мемлекет басшысы үлгі көрсетіп, арнайы кітапхана ашқан болатын. Міне, кезінде бірге қызмет атқарған әріптесі, ел ағасы, қоғам қайраткері Мырзекең де кітапханаға өз кітаптарын өткізіп отыр. Мұндай маңыздағы іс-шара бұдан кейін де жалғасын тауып жатса нұр үстіне нұр болмақ» – деді ол.
Шара барысында композитор, өнер зерттеушісі Ілия Жақанов түркітанушы ғалымның шығармашылығы туралы зерттеуге кіріскенін баяндай келіп, жылдар бойы жинаған рухани байлығынан өзгелердің де сусындауын жөн деп тапқан замандасына алғысын айтты. Сондай-ақ, бұл кеште Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов оқиғаны елдің рухани санасының өсуіне септігін тигізетін әрі зиялы қауымның сапасын көрсететін жағдай деп атап өтті.
«Менің замандастарым дүние емес, кітап жинады. Мен де бұларды жылдар бойы тірнектеп жиып едім. Бұлардың ішінде сырласым да, мұңдасым да көп. Бірге ұйықтап, бірге оянатын, жата-жастана оқитын кітаптарым да болды. Енді міне, бәрін кітапханаға өткізіп отырмын...» – деген белгілі ғалым кітаптарын өткізуге себепші болған Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Үмітхан Мұңалбаева екенін де айтты. Сондай-ақ, өзіндегі қазына тек кітаптармен шектелмейтінін, болашақта қазақтың атақты домбыра шеберлерінің жасаған аспаптарын өткізуді де ойластырып жүргенін де мәлімдеді.
Ұлттық академиялық кітапхананың екінші қабатында орналасқан ғалым Мырзатай Жолдасбековтің жеке кітапханасы ақпараттық, мәдени және білім беру міндеттерін орындайтын болады. Яғни, бұл залда ғалымдар мен магистранттарға, басқа да пайдаланушыларға ақпараттық-библиографиялық қызмет ұсынылып, сондай-ақ ара-тұра мәдени-көпшілік шаралар да өткізіліп тұрмақ. Қазіргі кезде жеке кітапхананың қорында тоғыз жарым мыңға жуық кітап пен кәдесыйлар, портреттер, медальдар мен монеталар бар. Кітапханаға жиналған жұртшылық Елбасының өнегесін жалғастырған ел ағасына ризашылығын білдіріп, «Мырзекең мырза екен» деп тарасты.
Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан».

Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53