Бір әулеттен 51 адам дауыс берді
Түркістан, ақын Мағжан айтқандай «ер түріктің бесігі», барлық мұсылман қауым үшін ең қасиетті мекендердің бірі. Кеше ғана Түркияның Президенті Реджеп Тайып Ердоған: «Қайда жүрсек те Қожа Ахмет Ясауи жатқан жер біз үшін ешкімге қимасымыз, асыл Отанымыз», деп кетті. Сол Түркістан Президент сайлауын ұйымшылдықпен өткізді. Түркістандағы 118216 сайлаушы қалаға қарасты 12 ауылдағы 36 және шаһардың өзіндегі 37 сайлау учаскелеріне барып таңдауларын жасады. Жиырма жасында жасындай жарқыраған спорт падишасы, Олимпия ойындарының жеңімпазы атанған Бекзат Саттарханов туған өңірдегі республикаға әйгілі отбасылардың бірі – өткен жылы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпазы атанған Бимаханбетовтер әулеті. Отағасы Елтай атамыз 83 жаста. Қосағы Елена әжеміз екеуі 8 бала, 33 немере, 15 шөбере өсіріп, өркен жайған алып бәйтерекке айналған. Өз өмірінде 68 рет сайлауға келіп отырған ақсақалдың көңіл-күйі жақсы, рухы асқақ. Ол: «Менің екі немерем, екі шөберем кәмелеттік жасқа толып, алғаш рет дауыс берді. Отбасымызбен ақылдасып, кімге дауыс беретінімізді шешкенбіз. Әйтсе де, ешкімнің таңдауына қарсы болмаймын. Өйткені, ол оның конституциялық құқығы. Қай үміткерге дауыс берсе де Қазақстанның болашағы үшін жауапты болатын, халықтың ырысын тасытатын, елге бейбітшілік пен татулық, бірлік әкелуге мүмкіндігі мол азаматқа дауыс береріне сенемін. Қуанып тұрып айтарым, осы сайлауда біздің әулеттен 51 адам дауыс беріп жатыр», деді. Үлкен әулеттің саялы бәйтерегіне айналған ақсақалдың қуанышы бұл ғана емес екен. «Сайлау күні әулетке тағы бір шақалақ келді, қыз бала әлемнің жарық есігін ашты!» деп қария қуанышымен бөлісті. Енді Елтай ағамыздың 34 немересі бар. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан Бимаханбетовтер әулеті бір күнде екі бірдей қуанышқа ие болды. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы.Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше
