АТЫРАУ. 26 сәуір. Атырауда сайлау үдерісі заң талабына сай өтті. Заң бұзушылық деректері байқалмады. Бұл туралы сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссиясы Атырау облыстық филиалының жетекшісі Шынаргүл Қайырова egemen.kz тілшісімен сұхбатында мәлім етті.
– Шынаргүл Сәлдуқызы, сіз жетекшілік ететін қоғамдық ұйымның байқаушылары сайлау барысын қалай бақылады?
– Біздің байқаушыларымыз өңірдегі сайлау учаскелерінің барлығында сайлау үдерісін бақылауға қатысты. Олар сайлау учаскелері ашылғаннан бастап, дауыс беру аяқталғанға дейін кірпік қақпай бақылады деуге болады. Әр екі сағат сайын өңірлік филиалға мәлімет жолдап отырды. Бір қуанарлығы, біздің байқаушыларымыздан алынған мәліметтерді саралағанда, бір нәрсеге көзіміз толық жетті. Ол – еліміздегі сайлаудың заң талабына сай өткендігі.
– Сіздің байқаушыларыңыздың құрамында кімдер бар?
– Біз байқаушыларымызды таңдағанда, оларды мәжбүрлеген жоқпыз. Яғни, біз 232 байқаушыны ерікті түрде таңдадық. Олардың арасында әр мамандықтың иелері, әр буынның өкілдері бар. Мәселен, студенттер мен магистранттар, мұғалімдер, тіпті шағын және орта бизнестің өкілдері, қарапайым жұмысшылар да біздің қоғамдық бірлестіктің ерікті байқаушысы болуға ниет білдірді. Біз оларға байқаушының міндеттері мен құқықтарын, сайлау учаскесіндегі дауыс беруді бақылау кезінде өзін-өзі ұстау этикасын түсіндірдік.
– Өзге ұйымдардың байқаушыларымен байланыстыңыздар ма? Олар сайлаудың өту барысы жайлы не дейді?
– Иә, біз сайлауға дейін Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушыларымен кездесіп, пікір алмасқанбыз. Сайлау учаскелерінде кандидаттардың сенімді өкілдері және өзге ұйымдар арқылы келген байқаушылармен кездестік. Олар да сайлау үдерісінің заң талабына сай өткені туралы айтып, сайлаушылардың дауыс беруге келу белсенділігінің жоғары екеніне таңданысын білдірді. Бұл азаматтарымыздың саяси белсенділігінің жоғарылағаны, еліміздегі демократиялық өзгерістерді қолдағанының белгісі.
– Сіздерге шағым айтушылар болды ма?
– Адамдар шағымды біреуден зәбір көргенде, заңсыздық орын алғанда ғана айтады. Ал сайлау барысында сайлаушылар ешкімнен зәбір көрген жоқ. Жоғарыда айтқанымдай, заң бұзушылық көріністері де байқалмады. Демек, сайлаушылардың шағым айтуына еш негіз болмады. Біз сайлаушылар көңілді әңгімесінен, жанарының жарқылынан болашаққа деген сенімді анық байқадық.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Рахым Қойлыбаев.

Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы
Экономика • Бүгін, 11:51
Ресейде әйел сәбиін пышақтап, қоқысқа лақтырып жіберген: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:47
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:43