23 Қаңтар, 2015

Қарағандыда інісін өлтірген қыздың соты басталды

253 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

22-01-15-malchik_karaganda-1

АСТАНА. 22 қаңтар. Қарағандыда үйдегі тонды ұрлап кету үшін 11 жастағы туыс інісін өлтірген 20 жастағы қызға сот басталды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі арнайы мамандандырылған сотта әпкесінің тонын ұрлап кету үшін оның ұлын өлтірген қызға қатысты сот процесі іске кірісті. Прокурор Саян Аққожин айыптау мәнін мәлімдеді: өткен жылғы 25 қыркүйек күні 11 жастағы Леон Серікбаев анасының сіңлісі оның тонын ұрлап, сөмкеге салып жатқанын көріп қойғаны үшін ажал құшты. Бұл кезде баланың ата-анасы жұмыста болған. Бесінші сыныпта оқитын бала мектепке бармақшы болып киініп жатқан. Қыз оны тонды қайтып әкелетінін айтып сендіреді. Олар пәтерден шыққаннан кейін қыз баланы өзінің Федоровка ауданындағы үйіне барып келуге көндіреді. Қыз бұған бірінші сабаққа дейін жеткізетінін айтады. Осыған сеніп қалған бала нағашы әпкесінің соңынан ереді. Ал үйге кірген бойда қыз баланы алдымен пышақпен ұрып, артынан тұншықтыра бастайды. Сосын үстінен мектеп формасын шешіп алып, оларды портфель-оқулықтарымен қоса пешке өртейді. Бәрі біткесін баланың өлі денесін көшедегі әжетханаға апарып тастайды. Баланың жоғалып кеткенін оның ата-анасы №63 орта мектептегі мұғалімі Леонның сабаққа келмегенін хабарлағанда бір-ақ біледі. Осыдан кейін еріктілердің қатысуларымен Леон Серікбаевты іздеу бір тәулікке созылды. Полицейлер бұл арада жағдайды біршама тексере келіп, бұған баланың 20 жасар нағашы әпкесінің бар екенін анықтайды. Бойжеткеннің соның алдында ұл баланы жұлмалап жетелеп алып бара жатқанын, ал Леонның оған ергісі келмеген түр танытқанын көрген көршілер табылды. Құқық қорғаушылар күдікті қызды бірден қамауға алды. Тергеу экспериментін жүргізушілер қылмыс орнын көрсетуге шыққанда күдіктінің өзін өте әдепсіз ұстағанын айтты. «Кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінішін білдіргеніне қарамастан, қыз оқиға орнын көрсетіп жүргенде, ылғи жымиып, күлумен жүрді», - деп атап өтті олар. Құрыш Нұрымбет. Дерек, сурет: Tengrinews.kz.