22 Қаңтар, 2015

Қостанай облысындағы селоға көгілдір отын келді

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
IMG_0322ҚОСТАНАЙ. 22 қаңтар. Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы «Красный Кордон» селосына көгілдір отын келді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Красный Кордон» селосының тұрғындары газды көптен күткен болатын. Қазір қыстың қақаған аязында селолықтардың үйіне көгілдір отын кіріп, оның рахатын сезініп отыр. Селода 270 қожалық және көп қабатты үйлерде тағы 70 пәтер біртіндеп газ құбырына жалғанып жатыр. Бүгінге дейін 74 үйге көгілдір отын кірді. Алдағы уақытта село тұрғындарының барлығы да өркениет жемісінің игілігін көретін болады. Ең бастысы газ құбыры ауылға келді. «Красный Кордонға» көгілдір отын келуінің тұсаукесерінде аудан әкімі Батырбек Ахметов ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады. Алтынсарин ауданының әкімі Батырбек Ахметов: «Красный Кордон» селосы тұрғындарының тұрмысы бұрынғыдан да жақсаруы үшін бюджеттен 204 миллион теңге бөлінді. Міне, осы қаржыға 18,6 шақырым газ құбыры тартылып, әр үйге көгілдір отын кіріп тұр. Енді алдағы уақытта ауыз су құбыры тартылады. Оған да республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша жұмыс істелініп жатыр», деді. Ауылға газ құбыры алты айдың ішінде жеткізілді. Әкім осы селоға келетін газ құбырының сметалық-жобалық құжаттарын жасаудың қаржысын төлеген осы селоның тұрғыны, осындағы «Кохан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Павел Урбановичке және құбырды тартқан «Стройгазэкспертиза» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Еркін Асадовқа рахмет айтты. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz. IMG_0308 IMG_0310 IMG_0312