Ең қысқа әңгіме • 26 Шілде, 2024

«Диуани хикметтің Көкшетау нұсқасы

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы әдебиет және өнер му­зейіндегі құнды қазы­наның бірі – «Диуани хикмет» кітабының қол­жазба көшірмесі.

«Диуани хикметтің Көкшетау нұсқасы

Ғалымдардың пікі­рінше, Қожа Ахмет Ясауидің бұл ең­бегі ХVІ-ХVІІ ғасырда қайта көшірілген. Түрік халық­тарына ортақ ескі әдеби тіл­де жазылған. Кө­шірме бұ­қар қағазына таң­баланған. Мамандар ішіндегі көп сөз қазақтың әдеби тіліне орайлас дейді. Бұ­рынғы нұсқалар оғыз диа­лек­тісінде жазылған екен. Қол­жазба нұсқа ең ескі әрі сирек кездесетін үлгі. 90 беттен тұратын қолжазбаны бұ­рыннан мәлім үш нұсқамен салыстырудың нәтижесінде транскрипциялық, мәтіндік, көркем поэтикалық үл­кен айыр­машылықтың, өзге­ші­ліктің бетін ашуға болады. Бұл қолжазба қазақ әдебиеті үшін де, тіл тарихы үшін де, ежелгі діни философия үшін де құнды, маңызды рухани мұра санатында.

Соңғы жаңалықтар

Өзекті мәселелерге ден қойды

Саясат • Бүгін, 08:56

Мал дәрігерлерінің мерейі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:50

Сөз өнеріндегі феномен

Тұлға • Бүгін, 08:40