АСТАНА. 22 қаңтар. Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі бүгінде кәсіпкерлердің қорғаушысына айналды. Мәселен, өткен жылы кеңесте қаралған маңызды мәселелердің нәтижесінде қызылордалық кәсіпкерлердің 450 млн.теңгесі өз «қалталарында» қалды. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, өңірдегі «Кеден Service» ЖШС кеден органдарымен берілген 350 млн.теңгеге салықтық қарызын, өсімпұлын өтеу туралы ескертудің заңдылығына қатысты, сондай-ақ «Асар» және «Сарыбұлақ» ЖШС-тері «ҚазТрансГазАймақ» АҚ облыстық филиалының табиғи газды тұтынғаны үшін ұсынған шотының заңдылығына қатысты шағымданып келген болатын.
Бұл мәселелер кеңес отырысында қаралып, соның қорытындысымен аталмыш кәсіпкерлердің мүддесін қорғау жөнінде шешім қабылданды.
Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінің атқарған жұмысының нәтижесінде Қызылорда облысының мамандандырылған экономикалық соты кеден органымен ұсынылған 350 млн.теңгеге қатысты ескертуді кері қайтару, кеден органының лауазымды адамдарына тәртіптік шара көру жөнінде, екінші мәселе бойынша ұсынылған шотты 78,3 және 96 пайызға дейін азайту туралы шешім шығарды.
Бұдан өзге, кеңесте кәсіпкерлердің заңды құқығын шектеген «КРЭК» АҚ-на қатысты мәселе де қаралып, нәтижесінде энергиямен жабдықтаушы мекеменің кәсіпкерлерге қатысты талаптарына облыстық прокуратурамен наразылық білдіріліп, мекеменің ережесіндегі кәсіпкерлердің құқығына шектеу қоятын тармақтарына тиісті өзгерістер енгізілді.
Айта кету керек, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі 2014 жылғы 22 қаңтарда құрылды. Кеңес құрамында кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік қауымдастықтарының, БАҚ-тың өкілдері мен заңгерлер, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері енгізілген.
Жолдыбай Базар.
Дерек: Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Сурет: strategy2050.kz.
• 22 Қаңтар, 2015
Қызылордада қәсіпкерлердің құқығын тиімді қорғалады

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше