АСТАНА. 22 қаңтар. Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы өлкесінің Алтай округінде қазақтың халық медицинасы мен ұлттық ойыны – ат спорты мемлекеттік санаттағы материалдық емес мәдени мұраның кеңейтілген тізіміне реми түрде енгізілді. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» хабарлады.
Қазақтың халық медицинасы мен ат спорты ойындары қазақ ұлты шоғырланған Алтай өлкесінде кеңінен өріс алған.
Осы жылғы ат спорты жарысынан орын алған жеңімпаздардың бірі оған қазақ ұлттық спорт түрлері, әсіресе ат спорты ерекше ұнайтынын атап өтті. Ол қазақ жастары бұл дәстүрді одан әрі жалғастырып, келешекте шебер шабандоз болатынына сенімі білдірді.
Ежелгі халық медицинасы – қазақ халқында ұрпақтан-ұрпаққа тарап келе жатқан үрдіс. Халық емшісі Өтебойдақ Тілеуқабылұлы 15-ғасырда халық медицинасы туралы жинақталған білімді қорытындылап, жүйелеп кітап етіп шығарды.
Алтай қазақ медицинасы ауруханасының өкілі қазақи ем-дом қалыпты дәрілермен қоса, диетотерапия және жарық терапиясы сияқты өзгеше емдеу тәсілдерін қамтиды. Ауруханада қазақ халық медицинасы мен заманауи медициналық технологиялар үндестіріле қолданылады.
Айдар Өрісбаев.
Дерек: «ҚазАқпарт».
Сурет: «ҚазАқпарт».
• 22 Қаңтар, 2015
Қытайда қазақтың халық медицинасы мен ат спорты мәдени мұра тізіміне енді

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше