22 Қаңтар, 2015

Телефон арқылы сөйлесті

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Прези­дент­тің баспасөз қызметі. Әңгіме барысында Қазақстан-Америка қарым-қатынасының ахуа­лы мен перспективалары, сон­­дай-ақ, халықаралық күн тәрті­бін­­дегі өзекті мәселелер қарасты­рыл­ды. Екі елдің басшылары Ук­раи­на­ның оңтүстік-шығысындағы жағ­дайды талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарапының көзқарасы бойынша Украина, Ре­сей, Германия және Франция басшылары деңгейіндегі келіссөздер арқылы шешілуі мүмкін осы мә­селемен жеке өзі айналысып жат­қанын айтты. Қазақстан Президенті аме­ри­калық әріптесінен Украина мәсе­лесі бойынша ортақ мәміле жолын іздестіру ісіне мейлінше белсенді қатысуды өтінді. Мемлекет басшысы Ресейге қатысты экономикалық санкциялар Орталық Азия өңіріне де ықпал етіп жатқанына тоқталды. АҚШ Президенті Украинадағы жағдайды дипломатиялық жолмен шешуді жақтайтынына Нұрсұлтан Назарбаевты сендіре отырып, бұл үшін бірінші кезекте Минск уағ­да­ластықтарын орындау қажеттігін атап өтті. Б.Обама, сондай-ақ, Қазақ­стан­ның халықаралық қауіпсіздікті нығайту ісіне жұмсаған күш-жі­герін жоғары бағалады және Мемлекет басшысының Украи­на­дағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу ісіне белсенді атсалыса беретініне сенім білдірді. Телефон арқылы сөйлесуге Америка жағы бастамашылық етті.