22 Қаңтар, 2015

Биылғы басты бағыттар белгіленген кеңес

213 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақ­стан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отба­сылық-демо­гра­фиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықованың жетекшілігімен селекторлық кеңес өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кеңеске Астана, Алматы қала­­лары мен облыстар әкім­дері­нің орынбасарлары – әкімдер жа­нын­­дағы әйелдер істері және отба­сы­­лық-демографиялық саясат жө­­нін­дегі комиссиялардың төраға­лары қатысты. Оның барысын­да Мем­лекет басшысының «Нұр­лы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының негізгі ереже­лерін іске асыруға арналған Әйел­дер істері және отбасылық-демо­гра­­фия­лық саясат жөніндегі ұлт­тық ко­мис­сияның 2015 жылғы жұ­мы­сының негізгі бағыттары белгіленді. Г.Әбдіқалықова Ұлттық комис­сияның биылғы жұмысында өңір­лік дамуға баса мән берілетінін атап өтті. Мемлекеттік хатшы кеңес­ке қатысушылардың назарын әйелдерді жұмыспен қам­ту, бизнестің әлеуметтік жауап­­кер­­шілігін арттыру, әйелдер кәсіп­керлігіне қолдау көрсету мәсе­лелеріне аударды.  Г.Әбдіқалықова: «Еңбекке қабілетті және жұмыс істеуге мүмкіндігі бар бірде-бір әйел жұмыссыз қалмауы тиіс!» – деді. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылында отбасын нығайту жұмысы Ұлттық комиссияның негізгі міндеттерінің біріне айналуға тиіс. Бұл орайда, неке және отбасы инс­титутын нығайтудың, отбасылық құндылықтарды дәріптеу мен сақтаудың айқын дәлелі болып табылатын «Мерейлі отбасы» ұлт­тық конкурсы маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік хатшы: «Отба­сын нығайту – қоғамдағы тұрақты­лықтың, яғни елдегі татулық пен келісімнің кепілі!» – деп атап өтті. Мемлекеттік хатшы өңірлер әкімдерінің орынбасарларына Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу аясында Президенттің Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қолдау көрсету жөніндегі бастамаларын іске асыруды қамтамасыз етуді тапсыра отырып, әйелдер арасынан шыққан соғыс ардагерлерінің, майдангерлер әйелдерінің, тылдағы еңбекші әйелдердің сіңірген еңбектеріне тоқталып өтті. Селекторлық кеңес қоры­тын­дысы бойынша Мемлекеттік хатшы бірқатар нақты тапсырмалар берді.