Қоғам • 22 Шілде, 2024

Жапон сарапшылары Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстарды зерттейді

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапон сарапшылары келесі жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде 4 облыс аумағындағы 13 гидротехникалық құрылысты зерттейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жапон сарапшылары Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстарды зерттейді

Фото: Ведомство. Телеграм

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Джун Ямадамен және Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) өкілдерімен кездесу барысында аталған ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Агенттік мамандары биылғы су тасқыны кезінде өте үлкен көлемде су қабылдаған гидротехникалық құрылыстарды тексереді. Бүгінде Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Абай облыстары нысандарына алдын ала визуалды тексеріс өтті.

«Жапондық әріптестерімізге көмектері үшін алғыс айтқым келеді. Тасқын кезінде біздің гидротехникалық нысандар түрлі апаттардың алдын алып, үлкен көлемде суға төтеп берді. Болашақта бұл нысандардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін олардың жай-жапсарын мұқият зерделеп, ықтимал осалдықтарды анықтап, оларды жою жөнінде алдын ала іс-шаралар қабылдау қажет», деді министр Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ тараптар су жіберу деңгейі мен көлемін анықтау үшін есептегіш қондырғыларды орнату туралы ойларын ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50