Спорт • 20 Шілде, 2024

Абай облысындағы мектеп мұғаліміне испандық әншіден ұсыныс түсті

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысында мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының мұғалімі Ерқанат Сәдуханов испандық әншімен бірге ән жазатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысындағы мектеп мұғаліміне испандық әншіден ұсыныс түсті

Білім саласының қызметкері Eraholic лақап атымен танымал. Жақында оған әлемге әйгілі испандық әнші Rosalia-дан жаңа әнді бірге жазуға ұсыныс түскен.

Әкімдіктің мәліметінше, Eraholic бұрын танымал шетелдік әнші Dua Lipaмен жұмыс істеген. Енді өз қабілетін тағы шыңдап, өзін жаңа бағытта сынап көрмек. Оның айтуынша, әнші өзі ұсыныс айтып байланысқа шыққаннан кейін бірге жұмыс істеуге келіскен.

Болашақ туынды Қазақстанда танымал болып келе жатқан реггетон стилінде латын мотивтерінде жазылады. Сонымен қатар Ерқанат қазір басқа да ірі шетелдік әртістермен келіссөздер жүргізуде. Әсіресе жас әртістермен бірге жұмыс істеп келеді.

Айта кетейік, Ерқанат Садуханов мектепте биология пәнінің мұғалімі, 7-10 сыныптарда сабақ береді. 10 жылға жуық әндерге аранжировка жазумен айналысады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50