22 Қаңтар, 2015

Ынтымақтастық нығаяды

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мем­лекеттік басқару академиясында ректор Болатбек Әбдірә­сілов пен «СОВНЕТ» Ресейдің жобаларды басқару ассоциациясының президенті Алексей Полковниковтің кездесуі болып өтті. Әңгімелесу барысында тараптар жобалар мен бағ­дар­ламаларды басқару саласында жоғары білікті мемлекеттік қызметшілерді даярлау бойынша ынтымақтастықты ны­ғайту әрі дамыту мәселелерін талқылады және академия мен «СОВНЕТ» Ресейдің жобалар­ды басқару ассоциациясы арасын­дағы Ынтымақтастық туралы мемо­рандумға қол қойды. Сонымен қатар, IPMA және PMI сер­тификатталған жо­ба­лық ме­неджері  А.Пол­ко­в­ников ака­демияның Жоба­лық менедж­мен­тті оқыту ор­та­лығының мүше­лері, бөлім­ше жетекшілері және жоба­лардың әкімшілері үшін «IPMA/СОВНЕТ стандарттары бойын­ша жобаларды басқару. Сер­ти­фи­каттауға дайындық» тақыры­бында екі күндік семинар өткізеді. Семинар бағдарламасы «СОВНЕТ» Ресейдің жобаларды бас­қару ассоциациясының (NCB-SOVNET National Competence Base­line) «Жо­ба­ларды басқару: кәсіп­тік білім негіздері, маман­дардың құзы­рет­тілігіне қойы­латын ұлттық талаптар» (НТК) стандар­тының мазмұны мен та­л­ап­тары негізінде жасалған. Семинарда жобаларды басқару әдіснамасының негізгі қағидат­тарын қарастырумен қатар, жоба­ларды басқару бой­ынша маман­дардың құзы­рет­тілігіне қойы­латын халық­аралық және ұлттық та­лап­тарға баса назар аударыл­ды. Сондай-ақ, спикер жо­ба­лық менеджментті мемлекет­тік орган­дарға енгізу тәжіри­бе­сімен бөлісті. А. Полковников жобалық менедж­мент бойынша бірқатар таны­мал ғылыми еңбектер мен оқулық­тардың авторы болып табылады. «Егемен-ақпарат».