Қоғам • 11 Шілде, 2024

Алаяқтар Динара Зәкиеваның атынан айласын асырып жүр

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram желісінде ел азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алаяқтар Динара Зәкиеваның атынан айласын асырып жүр

Фото: mobillegends.net

Динара Зәкиеваның жазуынша, алаяқтар оның атынан жалған хабарлама таратып жатыр.

«WhatsApp мессенджері арқылы менің атымнан жалған хабарламалар жіберіліп жатқанын ескерткім келеді, деп жазды омбудсмен.
Динара Зәкиева оның бір ғана WhatsApp нөмірі бар екенін нақтылады.
«Басқа нөмірлерден менің атымнан келіп жатқан хабарламаларға мән бермеуді өтінемін», деп қосты ол.