Спорт • 11 Шілде, 2024

Жеңіл салмақтың бәсекесі ауыр

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан еліміздің ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиынын Испанияда өткізеді. Нұрбол Сүлейменов баптайтын ерлер Францияға аттанады. Ерлер додасында Елдос Сметов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Нұрлыхан Шархан (100 кг) Париж төрінде белдесуге түседі.

Жеңіл салмақтың бәсекесі ауыр

фото: olympic.kz

Әлем чемпионы, Рио Олим­пиа­дасының күміс, Токио Олим­пиадасының қола жүлдегері Елдос Сме­товтің бұл – үшінші аламаны. Отыздан асқан оғланға Парижге бару жолдамасы оңай бұйырған жоқ. Мағжан Шамшадин, Нұрғанат Серікбаев үштігі өзара белдесу өткізіп, арасынан тәжірибесі то­лысқан Сметов қара үзіп шықты. 60 кг – әлемнің жұлдызды балуандарын жи­наған салмақ. «Мен Олимпиада алтынын олжалағанда спортты доғарамын» деген Елдостың мақсаты орындалса игі. Өйткені төл күресінен жапондар жазғы Олимпиаданың алтын медалін жеңіл салмақ дәрежесінде оңайлықпен бере қоймайды. Өзге елдердің де оғландары оңай емес.

Әйелдер арасында әлем чем­пио­натының қола жүлдегері Әбиба Әбу­жақынова (48 кг), Эсмигуль Куюлова (63 кг), Кәмила Берліқаш (+78 кг) белдесуге түседі.

Е.Сметовтен өзге балуандардың барлығы да жазғы Олимпия ойындарына алғаш рет қатысады. Қазақ спортының тарихында Олим­­пиаданың медалін ол­жалаған дзюдошы­ларымыз – әзірге екеу ғана. 2008 жылы Асхат Жіткеев Бейжің Олим­пиадасының күміс медалін қор­жынға салған. Одан кейін Елдос екі Олим­пиаданың медалін еншіледі.

Балуандар Париждегі Champ de Mars Arena кешенінде 27 шілде мен 3 та­мыз аралығында белдесуге түседі.