ҚОСТАНАЙ. 21қаңтар. Кеше бірінші рет №43/44 Қостанай-Алматы жолаушылар пойызы фирмалық дәрежесін алып, «Тобыл» атауымен аттанып кетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Тобыл» – бесінші отандық фирмалық пойыз (осыған дейін «Бәйтерек», «Отырар», «Маңғыстау», «Каспий» іске қосылды) болып саналады. Атына заты сай ол фирмалық пойыздың барлық талаптары мен стандарттарына сай вагондардан жасақталған. Вагондар қысқы-жазғы маусымдарда оңтайлы температураны қамтамасыз ететін ауа баптау және жылыту жүйелерімен жабдықталған. Сонымен қатар, олар вагон ішіндегі температура, нақты уақыт туралы ақпарат беретін жарық диодты тақталармен қамтамасыз етілген.
Стандартты қызметтерден бөлек купелік вагондарда қосымша санитарлық-гигиеналық жағдай толық жасалған. Купелік және плацкарттық вагон жолаушыларына кофе, шай, қант, қасықтар, бір рет пайдаланатын стақандары бар шай топтамалары ұснылады, мұндай қолайлы жағдай балаларға арналады. Вагондар жаңа төсек-орын жабдықтары, столдарға арналған жаймалар, киімге арналған ілгіштер сынды жоғары сапалы керек-жарақтармен қамтамасыз етілген, вагон ішінде кілем төселген. Сонымен қатар, жолаушылар мұздатқыш, қысқа толқынды пештер мен сейф қызметін пайдалана алады.
Фирмалық пойыздың қызмет тізімінде жаңа баспасөз өнімдері, суы бар диспенсерлер, вагон-мейрамхананың тоыққанды ас мәзірі, жолаушыларды электрондық билетпен пойызға отырғызу (жолаушыны отырғызуды автоматтандырылған бақылау) бар.
Пойыз ірі станциялардан аттанған кезде мониторлар арқылы жолда жүру ережелері мен өзге де қажетті ақпараттар жарияланады. Пойыз құрамында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған және кез келген биіктіктегі платформадан вагон ішіне кіруге мүмкіндік беретін арнайы көтергіш құрылғысымен жабдықталған вагон бар. Осы санаттағы азаматтардың кеңейтілген купесінде мүгедектер арбасына орын, купе ішінде жүріп-тұруға мүмкіндік беретін жақтаулар мен ақпараттық тақта орнатылған. Қостанайдан шыққан жолаушы осындай қолайлы пойызбен Алматыға шаршамай жетеді.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше