Олимпиада • 09 Шілде, 2024

«124 жыл бұрын»: Париж Олимпиадасына қатысқан алғашқы әйел спортшы кім?

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үш аптадан кейін Париж Олимпиадасы басталатыны мәлім. Осы орайда Спортты дамыту дирекциясы Франция туралы қызықты фактілер жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«124 жыл бұрын»: Париж Олимпиадасына қатысқан алғашқы әйел спортшы кім?

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

1900 жылы Париж Олимпиадасында алғаш рет әйелдерге қатысуға мүмкіндік беріліп, 5 ай бой өткізілген (14 мамыр - 28 қазан) Олимпиада ойындарында швейцариялық Элен де Пуртале желкенді спорттан командалық сайыста күйеуімен бірге чемпион атаныпты.

Сол кезде әйел спортшылар арасында үлкен теннис пен гольфтан ғана жүлде (2,2%) сарапқа салынған екен.

2024 жылғы Париж Олимпиадасында ерлер мен әйелдердің үлесі алғаш рет 50/50%-ды құрап отыр.

Олимпиадалар тізіліміндегі ерлер мен әйелдер үлесі:

1896 жыл. Ерлер — 100%

Париж 1900 жыл. Ерлер — 97,8%, әйелдер — 2,2%

1904 жыл. 99,1/0,9%

1908 жыл. 98,2/1,8%

1912 жыл. 98/2%

1920 жыл. 97,6/2,4%

Париж 1924 жыл. 95,6/4.4%

1928 жыл. 90,4/9,6%

1932 жыл. 91/9%

1936 жыл. 91,7/8,3%

1948 жыл. 90,5/9,5%

1952 жыл. 89,5/10,5%

1956 жыл. 86,7/13,3%

1960 жыл. 88,6/11,4%

1964 жыл. 86,8/13,2%

1968 жыл. 85,8/14,2%

1972 жыл. 85,4/14,6%

1976 жыл. 79,3/20,7%

1980 жыл. 78,5/21,5%

1984 жыл. 77/23%

1988 жыл. 73,9/26,1%

1992 жыл. 71,2/28,8%

1996 жыл. 66/34%

2000 жыл. 61,8/38,2%

2004 жыл. 59,3/40,7%

2008 жыл. 57,6/42,4%

2012 жыл. 55,8/44,2%

2016 жыл. 55/45%

2021 жыл. 51,2/48,8%

Париж 2024 жыл. 50/50%