Қоғам • 09 Шілде, 2024

Қайрат Нұртас апелляциялық сотқа шағымданды. Үкім өзгерді ме?

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қалалық сотында әнші Қайрат Нұртасқа (Айдарбеков ред.) қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс апелляциялық тәртіппен қаралды, деп жазады Egemen.kz.

Қайрат Нұртас апелляциялық сотқа шағымданды. Үкім өзгерді ме?

Фото: Instagram.com / kair_n

Бұған дейін әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен Қайрат Нұртас ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған болатын.

Бірінші сатыдағы сот Қайрат Нұртастың ұшақтың ішінде жанжалдасу кезінде азамат Асылбек Бекқайыровқа қол жұмсап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, төбелес кезінде балағат сөздер айтқанын анықтады.

«Құқық бұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, құрамның болмауына байланысты соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. Қаулының күшін жою үшін негіз анықталмағандықтан апелляцияның 2024 жылғы 9 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз қалдырылды», делінген Жоғарғы Сот қаулысында.

Айта кетейік, бұған дейін әншінің ұсақ бұзақылық үшін қамалуы мүмкін екенін хабарлаған едік.