Қылмыс • 05 Шілде, 2024

Педофилдерге кастрация қалай жасалады

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сот үкімі бойынша биыл Қостанай облысында 11 педофил химиялық кастрацияға жіберіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Педофилдерге кастрация қалай жасалады

Фото: Melnikov Dmitriy/Shutterstock

Жергілікті ақпарат құралы хабарлағандай, бұл адамдардың барлығы кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсеткен.

Айта кетейік, бұл шара бюджет есебінен іске асырылады. Операцияның құны - 130-135 мың теңге. Бұл сома дәрігерлердің кеңесін, тексеруді және жылына 24 инъекцияны енгізуді қамтиды.

Қазіргі уақытта тиісті шарттар орындалып жатыр.