Қоғам • 04 Шілде, 2024

«Заңгер» журналының бас редакторы көз жұмды

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Заңгер» журналының бас редакторы қызметін атқарған Майя Асқарқызы Ағыбаева 81 жасқа қараған шағында көз жұмды. Қайғылы хабарды Zakon.kz сайты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Заңгер» журналының бас редакторы көз жұмды

Фото: zakon.kz

Майя Асқарқызы түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеп, мол тәжірибе жинаған білікті маман болған. 

«Ол ерекше еңбекқорлығымен ерекшеленген өз ісінің нағыз маманы болды. Оның білімі, тәжірибесі, мәселелердің мәнін талдай және тереңірек үңіле білуі оған ерекше жоғары сапалы, сұранысқа ие өнімді жасауға мүмкіндік берді», деп жазды марқұмның әріптестері.