Саясат • 04 Шілде, 2024

Ішкі су тасымалы өзекті

43 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында жұ­мыс сапарымен жүрген Мәжіліс депу­­таты, Қазақ­стан халық пар­тиясы фрак­­циясының жетекшісі Магеррам Магеррамов елдегі жалғыз «Эллинг ПВ» ЖШС кеме жөн­деу зауытында болып, «Қазфлот» жеке кәсіп­кер­лігі басшы­лығымен кездесті.

Ішкі су тасымалы өзекті

Кәсіпкерлер депутатқа ішкі су тасымалы саласындағы өзекті мәселелер туралы айтып берді. «Қазфлот» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Виктор Поднебесов­тің айтуынша, кәсіпорны­ның қарамағында 9 кеме бар. Олардың жартысы жөнделді, ал қалғаны күрделі жөндеуді қажет етеді. Бірқатар логистикалық мәселе де шешімін тауып келеді.

– Өткен жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі еліміздің үш су бассейні – Атырау, Арал және Ертіс өзендерінің көлігі мен инфрақұрылымын қалпына келтіруге 64 млрд теңге бөлі­не­тінін мәлімденген болатын. Оның 27 миллиард теңгесін Көлік министрлігі биыл су көлігі мен инфрақұрылымды дамыту және күтіп ұстау бағытында игеруге тиіс, – деді М.Магеррамов.

Мәжіліс депутаты ішкі су тасымалының дамуы мен қауіпсіздігінің екі құрамдас бө­лігін – жағалаудағы көлік инфрақұрылымы мен сапалы жөндеу базасын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Мұның барлығы Мемлекет басшысы­ның 2023 жылғы Жолдауында айтыл­ған тапсырмаларды табысты іске асыруға ықпал етеді.

«Эллинг ПВ» серіктестігі – Қазақстандағы жалғыз кеме жөн­деу кәсіпорны. Оны Қазақстан халық партиясы фрак­циясы­ның депутаттары Үкіметке тиісті депутаттық сауал жолдау арқылы сақтап қалды деуге болады.